Ең көп қойылатын сұрақтарға жауаптар
Жаңа оқу жылына қабылдау әдетте ақпан айынан басталады және маусым айының аяғына дейін жалғасады. 2025-2026 оқу жылына өтініш қабылдау 1 ақпаннан басталды. Ерте өтініш берген үміткерлерге артықшылық беріледі.
Қабылдауға келесі құжаттар қажет: баланың туу туралы куәлігі (көшірме), ата-аналардың жеке куәліктері (көшірмелер), алдыңғы мектептен мінездеме (егер бар болса), медициналық анықтама (форма 026/у), 3х4 фотосуреттер (4 дана).
1-сыныпқа қабылдауда емтихан жоқ, баламен әңгімелесу өткізіледі. 2-11 сыныптарға қабылдауда негізгі пәндер (математика, қазақ/орыс тілдері, ағылшын тілі) бойынша тестілеу және психологпен әңгімелесу жүргізіледі.
Оқу ақысы сынып деңгейіне және таңдалған бағдарламаға байланысты. Бастауыш сыныптар (1-4) үшін айына 120,000 теңге, орта сыныптар (5-9) үшін 150,000 теңге, жоғары сыныптар (10-11) үшін 180,000 теңге. Оқу ақысына барлық негізгі пәндер, кейбір үйірмелер және тамақтандыру кіреді.
Иә, біз бірнеше категория үшін жеңілдіктер ұсынамыз: үлгерімі жоғары оқушыларға 10-20% жеңілдік, отбасында 2 және одан көп бала оқыса екінші балаға 15% жеңілдік, олимпиада жүлдегерлеріне арнайы жеңілдіктер, әлеуметтік жеңілдіктер (толық тізімін приемная комиссиясынан білуге болады).
Оқу ақысын айына бір рет, әр айдың 1-10 күні аралығында төлеу керек. Төлемді банк аударымы, каспи, халык банк қосымшалары арқылы немесе мектеп кассасында жүргізуге болады. Жылдық төлем жасасаңыз 5% жеңілдік беріледі.
Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін өтеді. 1-4 сыныптар үшін сабақ 08:30-да басталады, 13:30-да аяқталады. 5-9 сыныптар 08:30-15:00, 10-11 сыныптар 08:30-16:00. Сабақ 45 минут, үзіліс 10-15 минут. Үлкен үзіліс (түскі ас) 30 минут.
Иә, мектепте толық тамақтандыру қамтамасыз етілген. Таңғы ас (08:00-08:25), түскі ас (12:30-13:00), және бүлдіршін балаларға полдник (15:30). Мәзір диетологпен құрастырылып, әр апта сайын өзгереді. Арнайы диета қажет балаларға жеке тағам дайындалады.
Біз 30-дан астам қосымша пән мен үйірме ұсынамыз: робототехника, бағдарламалау (Python, JavaScript), тілдер (ағылшын, қытай, неміс), өнер (музыка, сурет, вокал), спорт (футбол, баскетбол, карате), шахмат және тағы басқалар. Кейбір үйірмелер оқу ақысына кіреді, кейбіреуі қосымша төлемді.
Біздің электронды журнал жүйесі бар - ата-аналар жеке кабинет арқылы баланың бағаларын, қатысуын, үй тапсырмаларын нақты уақытта көре алады. Сонымен қатар, тоқсан сайын ата-аналар жиналысы өткізіледі және мұғалімдермен кез келген уақытта байланысуға болады.
Иә, мектебіміздің өз автобус паркі бар. Балаларды үйден алып, мектепке әкеліп, сабақтан кейін үйге жеткіземіз. 5 бағыт бойынша автобустар жүреді. Автобус қызметі қосымша төлемді (айына 25,000 теңге). Барлық автобустар GPS жүйесімен жабдықталған.
Мектепте қауіпсіздік жүйесі толығымен жұмыс істейді: тәулік бойы күзет, видеобақылау жүйесі, электрондық өту жүйесі (кіру/шығу картамен), медициналық кабинет (дәрігер, медбике), өрт қауіпсіздігі жүйесі. Барлық қонақтар тіркеуден өтеді.
Әрине! Біз ата-аналарды мектебімізді көруге шақырамыз. Экскурсияға алдын ала тіркелу қажет. Экскурсия барысында мектепті аралап, мұғалімдермен танысып, сабаққа қатыса аласыздар (келісім бойынша). Экскурсия тегін. Тіркелу үшін: +7 (7172) 45-23-78 немесе info@nurbilim.kz
Бізге хабарласыңыз, біз барлық сұрақтарыңызға жауап береміз
Байланысу